Ресей мен Украина тарабы 16 маусымда бір-бірін тағы атқылады. Украина 17 мамырда Киевке шабуыл жасалғанын, бірнеше ауданда түрлі ғимарат мен тұрғын үйлер бүлінгенін мәлімдеді. Қала басшысының хабарлауынша, Ресей кассеталық оқ-дәрімен шабуылдаған.
Ресей мен Украина бір-біріне тоқтаусыз соққы беріп жатыр. Украина тарабы жексенбіде Татарстандағы Елебуга қаласында дрон-камикадзе шығаратын зауытқа соққы берді. Екі адам өліп, 13 адам жараланған. Украина дәрігерлері Сумыға жақын маңда жаралыларға алғашқы көмек көрсетіп жатыр.
Ресей алыс қашықтықта бомбалаушы ұшақтарын Балтық теңізі үстінен ұшырып, Владимир Путин "ядролық триада ғана Ресей егемендігін сақтай алады деп мәлімдеді. Ол Украинаның «Өрмек» операциясынан соң алыс қашықтықта бомбалаушы ұшақтарын Қиыр Шығысқа көшірді.
Украина Ресейдің әскери өндірістеріне шабуылын жалғастырып жатыр. Харьковке жасалған шабуылдан 10 маусымда екі адам қаза тауып, 60 шақты адам жараланды. Германияның сыртқы барлау қызметінің басшысы «Ресейдің келесі көздегені Эстония болуы мүмкін» деп болжайды.
Украина дрондары Ресейдің тоғыз аймағына шабуыл жасап, Ресей тарабы 12 қаласында әуе қозғалысын шектеуге мәжбүр болды. 9-10 маусымда Ресей дрондары Киевте тұрғын үйлер мен Одессада презентхана мен жедел жәрдем станциясын атқылады.
Украина дрондары Чувашиядағы әскери құрал жабдықтардың электроникасын дайындайтын зауыттарды шабуылдады. Ресейдің АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей-Украин соғысын «саябақта төбелескен екі балаға» теңеп, «кейде оларға төбелесіп алуға уақыт беру керек» деді.
АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонмен әңгімеде Ресей президенті Владимир Путин Украина дрондарының әскери әуежайға шабуылы жауапсыз қалмайтынын айтқан.
Украинаның қауіпсіздік қызметі 3 маусымда Ресейдің әскерлерін қамтамасыз ететін маңызды логистикалық артериясы - Қырым көпірін жарды. Бұл көпірге 2022 жылдан бері үшінші мәрте жасалған соққы. Украинаның Ресей оккупацияланған Запорожье аймағы бірнеше күннен бері жарықсыз қалды.
Ресейдің Иркутск облысындағы "Белая" әскери әуе базасының украиналық дрон шабуылынан кейін спутниктен түсірілген суреттерде зақымдалған әскери ұшақтар байқалады
Украина Ресейдегі әскери әуе базаларына шабуыл жасағанда қолданған дронның бөлшектері Қазақстаннан жеткізілген болуы мүмкін деп жазды ресейлік ақпарат ресурстары. Бұған Астана не дейді?
"Украина дрондарының "Өрмек" операциясы Кремльдің ашу-ызасын тудырып, дүрбелеңге салды" деп жазды Bloomberg басылымы дереккөздеріне сілтеме жасап. Ресей тарабы жойылған ұшақтарына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Украинаның дрон шабуылынан соң Ресей Украинаға шабуылын үдетті.
Тағы