Дүйсенбі, 16 маусым күні Иранның мемлекеттік телеарнасы Тегерандағы штаб-пәтерінен хабар таратып жатқан кезде Израильдің шабуылына ұшырады.
Тікелей эфир кезінде жасалған шабуылдың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Шабуыл жасалғаннан кейін телеарна хабар таратуын тоқтатты.
Израильдің шабуылынан бірнеше минут өткен соң Fars агенттігі Иранның мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирден хабар таратуын қайта жалғастырғанын хабарлады.
The Times of Israel басылымының жазуынша, әуе шабуылына дейін Израильдің қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Тегерандағы IRIB штаб-пәтері орналасқан ауданда тұратын жұртқа ол жақтан кетуді ескерткен.
Ал Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац: "Иранның насихат пен арандату құралы жақында жойылады", — деп мәлімдеген.
Шабуыл жасалғаннан кейін Кац: "Израиль ирандық диктаторға кез келген жерде соққы береді", - деді.
ПІКІРЛЕР